Түркиядағы таратылып атқан бір ерекше хабар туралы өз аудармамды қысқа түрде сіздерге ұсынайын.
Моңғол елі орта азияда , теңізден алыс орналасқан тамаша үлкен жері бар бір мемлекет. Жер көлемі 1,5 млн мтр яғни түркиядан 2 есе үлкен. Мал саны 45 млн ал адам саны болса 3 млн .Бір моңғол жігітіне 6 әйелден тариды biggrin redface

Жалпы түрік моңғол мемлекеттері өз ара ерекше қатынаста. Өткен жылы түріктің премьер министрі Режеп Тайп Ердоған ресми сапар жасап кетті. Моңғолия астанасы Ұланбатырдың өзінде түріктің 4 үлкен бастауыш мектебі бар олардың бірі Ататүрктің атында.Жәнеде Ұланбатырдың орталығында жаңадан бой көтерген саябақта түрік моңғолдың достастығының белгісі ретінде жаңадан салынған үлкен түріктің қызыл туының көшесі бар.

Түркия ақпарат құралдарының айтуынша: Моңғолдар көп жылдан бері Орыс халқымен достасып орыстың қол астында жүргендіктен қаттылық қиындықты көп көрген жәнеде басқадай жағдайлардан болып моңғол халқының саны өте азайып кетті сондықтан адам санын арттыру үшін түрк сияқты дамыған елден мықты, пысық, еңбекшіл 20 мың түрік жігітін сұрап өтінбекші екенeek . Бұл ақпараттың Түрк тілінде қаншалықты тарағанын мынаны басып көре аласыздар.

Осы ақпаратты естіген моңғолдар қатты наразы болған көрінеді тек ғана gogo.mn сайтындағы мақалаға ашу ызаларын білдірген пікірлер саны 400-ге таяау минут сайын мақаланы оқыған халықтың наразылығын білдірген пікірлер cаны артуда surprised evil . Мәліметтің шын өтірігі әлі белгісіз :roll:

http://bit.ly/bhf15A

Boken
09 февраля 2010, 23:42
 3  
просмотров
39

“Түркістанның” соңғы санында Есенгүл Кәпқызы “Ғаламторды жаулау мүмкін бе?” атты мақала жариялапты. Мақалаға маусымның 24-iнде өтетін “Интернет-Альтернатива 2008″ атты халықаралық интернет конференция түрткі болғанға ұқсайды. Мақаладағы үш мәселе менің назарымды аударды:

  1. Егер, бүкiл әлем интернет жүйесiне көшiп, қағаз түрiндегi газет-журналдар жоғалатын болса, қазақ тiлiндегi өнiмдердiң хал-ахуалы тағы да мүшкiл күйге түсетiн болады. Өйткенi, күнi бүгiнге дейiн қазақ тiлiнде толыққанды интернет газет өмiрге келген жоқ.
  2. Ең әуелi бiзде “kz” доменiн пайдаланушылар жоқтың қасы. Бiрнеше жекелеген компаниялар мен банктердiң, бизнес құрылымдардың, ақпарат құралдарының ғана өз домендерi бар. Ал, бүкiл халық болып пайдалануға арналған домен болмай отыр.
  3. Интернетке төл жазуыңды енгiзу үшiн Microsoft компаниясына белгiлi деңгейде қаржы төлесең болғаны, сенiң тiлiң интернетте еш қиындықсыз оқылатын болады. Әзiрге бiз мұндай қадамға бара қойған жоқпыз.

http://blogging.kz/node/3110

Boken
09 февраля 2010, 23:36
 0  
просмотров
26

samsung-blogging-phone.jpgКөпшілігіміз блогты онлайн күнделік деп ойлап келгеміз. Қазір блогшылар онлайн күнделікпен шектелмей, әртүрлі салада, әрқайсы өзіндік стилімен, өзіндік бағытымен жазып келеді. (Соның ішінде қазақ блогшылары да бар)

Жаңа блог бастаушылар блогты қандай бағытта бастаймын, не жазамын деп ойлаған болса онда төмендегі блогтың түрлерінен өзіне ұнаған бірін таңдап алуға болатын сияқты.
Қазір блогшылар арасында блог жазудың де-факто 20 түрі кездеседі.
1. Кеңес беру
Басқаларға кеңес беру және түсініктеме жазған қонақтардың сұрақтарына жауап жазып, көмек болу.
2. Мағлұмат тарату
Болған хабарларды қысқаша таныстыру. Қонақтарға пайдалы мағлұмат беру.

3. Түсініктеме
Жаңа шыққан технология немесе сервис жайлы жеке ой-пікірін жазу
4. Тізбектеу
Блогтарда кездесетін 10 қате, блогшыларға арналған 10 кеңес деген сияқты жазулар осы топқа жатады.
5. Сұхбат, интервью
Басқаларымен жасаған сұхбат.
6. Айналысатын ісі туралы жазу
Өзінің жеке өмірінде айналысатын ісі, қызметі жайлы жазу
7. Жеке адамдардың мәліметі
Басқаларының жеке мәліметін жинақтау, толықтыру. Жұлдыздар туралы жазу көптеп кездеседі.
8. Басқа сілтемелер немесе блогтар жайлы жазу
Басқа блогтарда жазылған қызықты материалдарды дерек көзіне сілтеме бере отырып жариялау, мониторинг жасау
9. Мәселені талқылау
Болып жатқан немесе болған оқиғаларды талқылап, өз ойын жариялау
10. Салғастыру
Технология немесе сервис орындарының жақсы, жаман жақтарын салғастыра жазу
11. Зерттеу алаңы жайлы әңгімелеу
Зерттеушілер өзінің зерттеу алаңы жайлы жазып, сол алаңдағы ең маңызды мәселерге тоқталу.
12. Алдын-ала болжам жасау
Алда болатын жағдайларға болжам жасау, дискуссия құру.
13. Критика
Ұнамаған мәселелерді критикаға еңгізу
14. Дода
Блог арқылы да дода жүргізуге болады.
15. Гипотезис
Өмірде болмаған, бірақ егер бола қалған жағдайда нәтижелері қызық болатын дүниелер туралы жазу. Мысалы егер Google, Yahoo! екеуі біріксе… Әлем халқының саны 20 миллиардқа жетсе… деген сияқты жазуларды осы топқа жатқызуға болады.
16. Әжуа-күлкі
Саясаткерлер немесе жұлдыздардың жақсы-жаман тараптарын әзілмен жеткізу
17. Күнделік
Онлайн күнделік қозғалту
18. Әңгіме
Әдеби әңгіме жазып, қонақтарымен бөлісіп отыру
19. Мотиватия, жігер беру
Адамдар жақсылыққа апаратын жолдарды сүйіп оқитындықтан адамның табысқа жету жолдары, тәрбиелік мәні зор жазуларды жазып отыру
20. Белгілі бір тақырыптағы жаңалықтар, блогшылардың жазулары мен зерттеу алаңын салғастыра жазу.

http://bit.ly/dc6Djz

Boken
07 января 2010, 11:35
 2  
просмотров
58
Boken
3.35
Статистика
Зарегистрирован 22 декабря 2009
Рейтинг записей 0
Рейтинг комментариев 0
Записей в блоге 3
Комментариев 1
войти
зарегистрироваться
сообщества
последние записи
записи по обсуждениям
записи по рейтингу
создать новое сообщество
личные блоги
последние записи
записи по обсуждениям
люди
самые активные
новые
по городам
по интересам
блог проекта
правила участия
помощь
реклама
конкурсы
контакты
WebEverywhere, 2008-2010

Lyakhov.KZ - Большая энциклопедия Казнета Казах.ру — всё о Казахстане и казахах